28
май
2026
"Айгөлек" мектеп жанындағы балалар демалыс орталығының кешенді бағдарламасы
«Айгөлек» балалар демалыс орталығы бағдарламасы
Бағдарлама мазмұны:
1.Кіріспе.
2.Бағдарлама тұжырымдамасы.
3.Бағдарламаның мақсат-міндеттері.
4.Жаз мезгілінде оқушыларды сауықтыру және бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру түрлері.
5. Балалар демалыс орталығы туралы ЕРЕЖЕ.
6.Іске асыру,жоспарлау кезеңдері.
7.Балалар демалыс орталығына жауаптылардың міндеттері.
8.Жазғы демалысты ұйымдастыру түрлері:
Балалар демалыс орталығы
Балалар демалыс орталығын ұйымдастыру жөніндегі комиссия:
1. Д.А.Мыңжасаров - мектеп директоры
2. Г.О.Анкабаева - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Д.А.Абикенов - кәсіподақ ұйымының төрағасы
5. Ж.М.Қажиева - тәлімгер
6. Ж.С.Жақсылықова - педагог- психолог
7. С.Н.Байырханова - мектеп медбикесі
1.КІРІСПЕ
«Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек»балалар демалыс орталығын ұйымдастыруда көп жылдан бері қалыптасып келе жатқан өзіндік тәжірибесі бар.
Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына,шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалуын балалар демалыс орталығыіске асырады.
Жазғы сауықтыру басталғанға дейінгі мерзім ішінде мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымында 1-4 сынып оқушыларының жазда бос уақытын дұрыс пайдалы өткізу жөнінде кеңінен даярлық жасау жұмыстары атқарылады.
Бағдарламаны даярлауға балалардың жазғы демалысын, бос уақытын дұрыс, пайдалы өткізу,сауықтыруды ұйымдастыруға төмендегідей себептер болды:
-оқушылардың жазда ұйымшылдықпен жақсы демалуларын ұйымдастыруды балалар мен ата-аналарының сұранысының көп болуын байланысты;
-болашақ жоспарлаудағы қалыптасқан жүйені реттеу қажеттілігінен;
-бүгінгі балалар демалыс орталығы жұмысында бұрынғы жылдардағы балалар демалыс орталығы жұмысының сабақтастығы сақталуы; жұмыс жасауда ескі жүйені жаңарту және жаңаша үлгілендіру;
-осы бағдарламаның мақсат, міндеттерін іске асыруда жасөспірімдер мен педагогтардың бай тәжірибелі шығармашылық іскерлігін, кеңінен пайдаланып, жұмыс жасау қажеттілігінен.
Бұл бағдарлама бағытына қарай көркемдік-эстетикалық болып саналады, себебі оқушылардың көркемдік-эстетикалық дағдыларын дамытудың түрлі жоспарлы қызметі қамтылады,сауықтыру лагерінің жағдайына байланысты сауықтыру,тынығу, дұрыс демалып, тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастыры-лады.Ұзақтық мерзімі бойынша бұл бағдарлама шектеулі мерзімді қамтиды, себебі жазғы сауықтыру айларында ғана іске асырылады. Балалар демалыс орталығында топтарға біріктіріледі, топтарда 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар болады.
Балалар демалыс орталығы негізгі құрамы - мектеп оқушылары. Балалар демалыс орталығына балаларды жинақтағанда аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы,толық емес отбасындағы балаларға баса көңіл бөлінеді. Балалар демалыс орталығы бір ауысыммен жас шамасына қарай 5 баладан жинақталған 2 топпен іске асырылады.
Балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесі, ой – өрісін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыруға, гигиеналық және дене мәдениетін сақтауға; медициналық сақтандыру,спорттық, білім беру; мәдени демалу, күш-қуатын жақсартып, шығармашылықпен жұмыс атқару,азаматтық тәрбие, адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, экологияны сақтауға балаларды тәрбиелеу бағдарламасын іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.
2. БАҒДАРЛАМА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Денсаулығы жақсы,орнықты,адамгершілігі мол адам ғана белсенді өмір сүріп, түрлі қиындықтарды жеңіп,қызметінде жақсы табыстарға жетеді.
Сол себептен ата-аналар мен педагогтарды денсаулығы мықты , шығармашылық қабілеті зор бала тәрбиелеу мәселесі көп алаңдатады.
Балалардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға педагогикалық ұжым үлкен мән береді.
3.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТ - МІНДЕТТЕРІ
Барлық жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек» балалар демалыс орталығы педагогикалық ұжымы төмендегідей мақсат-міндеттер қояды:
Бағдарлама мақсаты:
Педагогикалық ұжымның, ата-аналар қоғамдастығының, оқушылардың, мектептен тыс ұйымдардың тығыз байланыста болуы, қарым-қатынас жасауы; оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастыру, ақпараттық қамтылу жағдайын жасау.
«Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек»балалар демалыс орталығы ұйымдастырылатын балалар демалыс орталығы бағдарламасы жас буынға Отанды сүюге,шығармашылық қабілеттерін ,өзін – өзі көрсету дағдыларын дамытуға , сенімді орта қалыптастыруға баулу. Бұл-ұлттық бірегейлігімізді сақтауға, әрі Ұлы даланың ұлағатын ұрпаққа дарытуға бағытталған нақты іс-шаралар арқылы жүзеге аспақ.
Міндеттері:
Әлеуметтік тәжірибе жинақтауға баланың араласып,қатыстырылуы,бірге қызмет істеуі,шығармашылық жұмыспен бірге айналысуы;
Жас ерекшеліктері әр түрлі топтармен қарым-қатынас жасау түрлерін дамыту;
Балалардың демалысын дұрыс ұйымдастыру аясында табиғатты аялауға, қорғауға баулу;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін балаларды анықтап, қабілетін дамыту, жеке жұмыс жасауға,бірлесіп жұмыс атқаруға баулу;
Топпен жұмыс жасауға үйрету, балалардың балалар демалыс орталығы басқаруға қатыстырылуы;
Өмір қауіпсіздігі ережелерін меңгертуге, түрлі аурулардың алдын алуға, балалар денсаулығын күшейтуге, баланың денсаулығын шынықтыруға байланысты түрлі сауықтыру іс-шараларының жүйесін құру;
Салауатты өмір сүруге бейімдеу;аз қамтылған отбасы балаларының мектепте демалуы үшін тегін жолдамамен жалпыға бірдей білім беру қорынан қамтылуларына көмек көрсету.
Принциптері:
«Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек»балалар демалыс орталығы бағдарламасы төмендегідей принциптерге негізделген:
1.Қарым-қатынасты ізгілендіру принципі: адамды құрметтеу,сеніммен қарау, табысқа қол жеткізуіне қолқабыс жасау. Бала,ата-ана,балалар демалыс орталығы қызметкерлері мен адамгершілікпен байланыс жасай отырып, педагогикалық процестің барлық негізгі құрамдас бөлігі-компоненттерін психологиялық тұрғыдан түсіну.
2.Бірге жұмыс жасау барысында балалардың жас ерекшеліктері мен атқарылған жұмыстың сәйкес болу принципі: ересек адамдардың баламен бірге жұмыс атқаруының тәрбиелік маңызы зор болмақ және қолдау көрсетілген балада шығармашылықпен жұмыс атқарамын деген сенім пайда болады.
3. Балалар демалыс орталығы тәрбиелеудің түрлі әдісін, тәсілін, мазмұнын таңдау принципі төмендегі жұмыстардың атқарылуын талап етеді:
• Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай оларды тәрбиелеудің түрлі әдісін,тәсілін,мазмұнын табу және жүзеге асыру принципі;
• Баланың бір шығармашылық жұмысы түрінен екінші жұмысқа көшу мүмкіндігінің болуы(1күнде) ;
• Күн тақырыбына байланысты барлық іс-шаралардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы,жүйелілігі,мазмұн сәйкестігі;
• Барлық атқарылатын іс-шараларға балалардың белсенді түрде қатыстырылуы;
4.Баланың дара қасиетін ашу шығармашылық принципі: шығармашылықпен жұмыс жасауы арқылы тұлға даралығының ашылуы-тұлғаны сипаттау мінездемесі, қолға алған жұмысын толық іске асыруы.
3. ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БОС УАҚЫТТАРЫН ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ
Дене шынықтыру, спортпен айналысу сияқты сауықтыру шаралары сауықтырудың жұмыс мазмұнының әдіс-тәсілінің бір артықшылығы болып табылады.Бұл шаралар баланың дұрыс дамып – жетілуіне, өсуіне, денсаулығының мықты болуына бағытталған.(дұрыс тамақтануы,медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі, таза ауада серуендеуі, сауықтыру, дене шынықтыру, мәдени іс-шаралардың өткізілуі, саяхат жасау, жорыққа шығу, түрлі ойын-сауық құру, қызығушылықтары бойынша бірлестікте жұмыс жасау: секция, топ, шығармашылық шеберхана, т.б.)
Балалар демалыс орталығының демалу уақыты сағ. 8.30 мен 13.00 аралығы. Тәрбиешілер балалардың өмірі мен денсаулықтарына жауап береді, күн тәртібіне, санитарлық нормалардың, техника қауіпсіздігінің сақталуына, сауықтыру-тәрбиелеу жұмысын, балалардың бос уақытын дұрыс,пайдалы, мағыналы ұйымдастыруға жауапты. Сол сияқты өзін -өзі басқару ұйымдары -ның жұмысын, топтар жұмысын талдап, саралау жасайды. Арнаулы кадрлар
(педагог-психолог, кітапханашы, дене тәрбиесі пән мұғалімдері, тәлімгер) қызметтегі міндеттеріне байланысты арнайы педагогикалық жұмыс
атқарады, өзін -өзі басқару ұйымдарының жұмысын ширатып, тәжірибесімен бөліседі,қолдау көрсетіп, жұмысты алға жылжытуға т.б.іс-шараларға қатысулары мүмкін. Ұжымның педагогикалық ұстанымы: Педагогикалық кәсіби шеберлік принципі; Баланы тұлға ретінде құрметтеу принципі; Бірлесіп жұмыс атқару, бірге шығармашылықпен айналысу, ынтымақтастықта болу принципі. Балалар интеллектін дамытуда дара ісіндегі бастамасын, шығармашылығын қолдау принципі; Балалар ұйымының өзін-өзі басқару принципі; Балалардың мектептегі уақытын ұйымдастыруда жалпы адами және ұлттық мәдени құндылықтардың үйлесу принципі; Әрбір баламен жеке жұмыс жасау және ұжымның шығармашылықпен жұмыс атқару принципі; Даулы мәселелерді дұрыс шешу, оң шешімін қабылдау.
«Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек»балалар демалыс орталығында(10 оқушы, 1-4 сыныптар)
Мерзімі: 28.05-01.06 аралығы.
Жұмыс мазмұны: ұжымдық-шығармашылық жұмыстар,жиындар, концерт, эстафеталық жарыстар, караоке кеші,әңгіме-сұхбат, ұлттық ойындар, саяхат, сурет байқауы т.б.
Жалпы балалар демалыс орталығын мерекелері:
«Достық күні»: «Табиғатты аяла» эко жоба,
«Шығармашылық күн»: «Ертегілер елінде» қима жұмыстары және т.б.
Караоке кеші,сурет байқауы
«Спорт күні»: «Эстафеталық жарыстар»,
«Көңілді қимыл әлемі» би, сергіту сәттері және қозғалыс ойындары т.б.
. Балалар демалыс орталығы заңдылықтар:
Уақытты тиімді пайдалану.
Үнемділік заңы.
Табиғатты қорғау.
Бірін-бірі құрметтеу.
Салауатты өмір салтын сақтау.
Ынтымақтастықта болу.
Басқа адамның пікірі мен еңбегін құрметтеу.
Пікір еркіндігі.
Тәрбиеленушілер құқығы:
Жеке тұлғаны құрметтеу. Ұжымдық және жекелеме шығармашылықпен айналысу. Танымдылық-ізденістік жұмыстармен айналысу. Айналысатын іс-әрекетін таңдау. Ақпараттар алу құқығы. Өз бастамасын ұсыну.
4. «Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек» балалар демалыс орталығытуралы ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.«Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек»балалар демалыс орталығы
Балалар демалыс орталығы туралы ереже 1-4 сынып оқушыларының арасында жазғы сауықтыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Балалар демалыс орталығы «Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ «Айгөлек» балалар демалыс орталығы жазғы демалыс кезінде ұйымдастырылады.
3. Балаларды тамақтандыру мектеп тарапынан ұйымдастырылып, бөлінген қаражат 5 оқу күніне есептеледі.
4.Тамақтануға (таңғы және түскі ас) қамқоршылық кеңесі және асхананы жалға алушы бекітеді, ол екі жақты шартта жазылады.
5.Балалар демалыс орталығында өтілетін іс-шараларға, балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға балалар демалыс орталығының басшысы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәлімгер,тәрбиешілер(бекітілген мұғалімдер) жауапты.
6. Мектеп аумағының санитарлық жағдайына директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жауапты болады.
8.Балалар демалыс орталығындағы балалардың денсаулығына мектеп медбикесі жауапты болады.
9. Ата-аналар демалыстық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатыса алады.
Балалар демалыс орталығының жұмыс тәртібі төмендегі күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады:
8.30-8.40. Балаларды қабылдау.
8.40-8.50. Таңертеңгілік жаттығу.
8.50-9.30. Таңғы ас.
9.30-12. 00 Танымдық іс-шаралар.Спорттық белсенді ойындар.
12.00-12.30. Түскі ас.
12.30-13.00. Психологиялық тренинг. Таза ауада серуендеу.Үйлеріне қайтару
5.Іске асыру, жоспарлау кезеңдері
1.Ұйымдастыру, әзірлік жұмыстары.
№ Атқарылатын іс- шаралар Мерзімі Жауаптылар
1 Директор жанындағы жиында жазғы демалысты ұйымдастыруды қарастыру. сәуір Директор, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2 Ата-аналар жиналыстарын өткізу. (1-4сыныптар) сәуір Сынып жетекшілері
3 Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізу. мамыр Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері
4 Оқушылардың жаз айларында қайда болатындарын анықтау. сәуір-мамыр Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог
5 Балалар демалыс орталығы тәрбиешілерін тағайындау. сәуір Мектеп әкімшілігі
6 Балалар демалыс орталығының орналасуын ретке келтіру.(музыкалық аппаратура,
спорт жабдықтары,кеңсе тауарлары т.б) мамыр Мектеп әкімшілігі, мектеп психологы, лагерь басшысы,
дене шынықтыру мұғалімдері
Мектеп жанындағы «Айгөлек» балалар сауықтыру орталығының кешенді жоспары
МАҚСАТЫ:
Балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысына, сауықтыруына, бос уақытын мазмұнды өткізуіне оңтайлы жағдай жасау.
МІНДЕТТЕРІ:
-Балалар мен жасөспірімдердің рухани және физикалық тұрғыда денсаулығын нығайту;
-Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;
Балалар демалыс орталығы маусымының кестесі:
28.05 - 01.06 (2күн санитарлық жұмыстар жүргізіледі)
Әкімшіліктің лауазымдық міндеттері:
1. Балалар демалыс орталығын ашу туралы бұйрығын шығару (бұйрықта балалар демалыс орталығының мерзімі,күнтізбесі,уақыты, режимін көрсету)
2. Балалар демалыс орталығына басшысын тағайындау (мұғалімнің аты-жөні)
3.Балалар демалыс орталығы оқушыларының тізімін бекіту (аты-жөні,сыныбы)
4.Тәрбиешілер, медициналық қызметкер, дене шынықтыру мұғалімін анықтап, лауазымдық міндеттерін бекіту.
Балалар демалыс орталығы басшысының міндеттері:
1. Балалар демалыс орталығының жұмыс жоспарын құру.
2. Күн тәртібін құру.
Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі туралы бұйрық;
Балалар демалыс орталығының ашылуы туралы бұйрық; экскурсияға шығу туралы бұйрық
Оқушылардың тамақтану табелін жүргізу.
Балалар демалыс орталығы кезеңіне байланысты жұмыс істейтін қызметкерлердің санитарлық кітапшаларының дайын болуын қадағалау.
Тәрбиешілердің міндеттері:
1. Күнделікті жоспарланған іс-шараға дайындық жұмыстарын жүргізу.
2. Топ (отряд) күнделігін жүргізу.
3. Оқушылармен өтілетін іс-шаралар кезінде оқушылардың өмірінің қауіпсіздігіне жауап беру.
4. Оқушылармен дене жаттығулары мен сергіту сәттерін ұйымдастыру.
5.Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында ойындар, сайыстар ұйымдастыру, өткізу.

Теги:
Лагерь