Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің отырысы » КГУ 'Малокомплектная основная средняя школа Тасбастау '
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Шағын жинақталған Тасбастау негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2018

Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама 1

24.01.2018 күні Шағын жинақталған Тасбастау негізгі орта мектебінде «Қамқоршылық» кеңесінің отырысы болып өтті.
Қатысқан 9. Қатыспаған жоқ.
Күн тәртібінде:
1.І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы.
/А. Солтанов/
2.Қамқоршылық кеңесінің жалпы ережелері:
3. Республикалық «Қамқорлық» акциясы./Ғ. Сағиева/
Бірінші мәселе бойынша «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы
А. Солтанов бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.
Екінші және үшінші мәселе бойынша тəрбие ісінің орынбасары Ғ. Сағиева акция туралы хабарландыру айтты.
Жарыссөз:
1.Монбаева А.: «Қамқоршылық» кеңесінің І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстары туралы таныстық. Қыркүйек айында өткізілген «Қамқорлық» акциясы «Мектепке жол» акциясы аясында спонсорлық көмек 5 оқушыға сумка мен оқу құралдары берілгені бақыланды. Келешекте кеңестің жұмысын жүйелі түрде жүргізу керек.
Екінші мәселе бойынша болып жатқан республикалық «Қамқорлық» акция туралы бұрыннан білеміз соған байланысты барлық ата-аналарды өтетін шараларға қатыстыру жұмыстарын жүргізу керек. Осы жұмысты əр сыныптың ата-аналар комитетіне тапсыру қажет. Осы акция шеңберінде əр сынып концерт, жəрменке басқа да ақылы шаралар өткізіп, түскен қаражатқа азқамтылған жанұя балаларына керекті киім-кешкетер алынуы ұсынылады.
2.Досанова А.: Мен Монбаеваның сөзіне қосыламын. Егер ата-аналар ақылы концерт дайындап қоятын болса, мен көмектесуге дайынмын.
Қамқоршылық кеңесінің жалпы ережелерін біліп, таныстық осы ережелерге сәйкес жұмыс атқару керек деп ойлаймын.
3.Сапанов А.: Алдында айтқан «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелерінің сөзіне менде қосыламын. Келешекте осы жұмыс жүйелі атқарылуына мен де өз үйлесімді қосамын. Ал өтіп жатқан «Қамқорлық» акция шеңберінде 1 оқушыға киім алып беремін.
Қамқоршылық кеңесінің ережесіне сәйкес жұмыс жасау керек.
Шешім:
1.«Қамқоршылық» кеңесінің І жартыжылдық жұмысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
2.«Қамқорлық» акциясының өтуі əр сыныптың ата-аналар комитетіне тапсырылсын.
3.Түскен қаражатқа азқамтылған жанұя балаларына қажет киім-кешек алынып берілуі əр сыныптың ата-аналар комитетіне тапсырылсын.
4.Қамқоршылық кеңесінің ережесіне сәйкес жұмыс атқарылсын.

Төрағасы: А. Солтанов
Хатшысы: М. Абикенова